Halyq Uni логотип
×

«Бүгінгі күннің батыры»: семейлік азамат дәмханадағы өрттен 2 адамды аман алып шықты

Өзімде есімнен танып қала жаздадым, дейді ол

«Бүгінгі күннің батыры»: семейлік азамат дәмханадағы өрттен 2 адамды аман алып шықты
фото: хабар24

Семей қаласының тұрғыны Дәурен Жамбаев тілсіз жаудан екі адамның өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының сюжетінде көрсетілді. 

Телеарна хабарлауынша, 29 мамырда Семейдегі кафелердің бірінен өрт шыққан. Үйінің жанындағы өртеніп жатқан дәмхананы көрген Дәурен дереу өрт сөндіру қызметкерлеріне хабарласқан. Алайда ол құтқарушылар келгенге дейін екі азаматты сыртқа өзі алып шыққан.

«Жүгіріп барып ішінде адам жоқ па деп кірсем, бір жас жігіт есінен танып құлап қалыпты. Оны далаға алып шығып, алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жиған бетте ішінде тағы адам барын айтты, бірақ өрттің ауқымы кеңейіп барады, жалын бет қаратар емес, терезе жақтан бір пердені жыртып алып ішіне кіріп кеттім, әлгі адам есікті іштен жауып алыпты. Өзім есімнен танып қала жаздап, сыртқа шығып, ғимаратты айналып терезеге кірпіш лақтырып шақтым, екінші адам есін бірден жиғандай болды, оған көмек көрсетіп сыртқа алып шықтым. Ары қарай өрт сөндірушілер келіп өз жұмыстарын атқарды», - дейді Дәурен Жамбаев.

Айта кетейік, Даурен Жамбаев бүгінде 5 бала тәрбиеліп отыр. Ол Семей қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының қаржы-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама