Тағы 1 жолаушы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген
10 наурызда сағат 01:40 шамасында Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысып қалды, деп хабарлады Atpyrau press.kz.
Жол апаты салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы 1 жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.