×

Қызылордада өрттен 35 адам құтқарылды

Үш адам баспалдақпен түсіп ажалдан аман қалды

 Дастан Жұмабекұлы 10.03.2024 | 12:40
Фото: https://t.me/qr_tjm

Қызылордада Сырдария 2 в шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып,  35 адам құтқарылды.

Үш адам баспалдақпен түсіп ажалдан аман қалды. Бір адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 22 жеке құрам мен 5 техника жұмылдырылды.

Сонымен бірге Абай облысының құтқарушылары автожолдан төрт адамды құтқарды.

Бүгін таңғы сағат 6:00-де 112 пультіне «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің бұзылып,  төрт адам құтқарылды, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Шақыру орнына келгеннен кейін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері құтқарылған азаматтарды Қалбатау ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама