Қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмған
Петропавл қаласында 17 жастағы қыз жоғары қабаттан құлап кетті. Қайғылы оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.
30 мамыр таңғы сағат 5 шамасында полицияға Жамбыл көшесі бойындағы үйлердің бірінің 12-қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 17 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмған.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалып, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталады.