Петропавлда 17 жастағы қыз жоғары қабаттан құлады: суицид фактісі бойынша тергеу басталды
Қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмған
Петропавл қаласында 17 жастағы қыз жоғары қабаттан құлап кетті. Қайғылы оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.
30 мамыр таңғы сағат 5 шамасында полицияға Жамбыл көшесі бойындағы үйлердің бірінің 12-қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 17 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмған.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалып, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталады.