×

Елдегі жедел жәрдем бригадалары 8 наурызда 23 мыңнан астам шақырту алған

Барлық науқасқа облыстық стационарларда білікті медициналық көмек көрсетілді

 Еркеғали Болатұлы 10.03.2024 | 12:30
фото: Halyq Uni

Мереке күні жедел жәрдем бригадалары барлық өңірде 23 мыңнан астам шақыртуға шыққан.

Науқастарға барудың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларында және Түркістан, Алматы облыстарында тіркелді.

Төтенше жағдайлар құрылымында аурулардан басқа, үйде босану, жол-көлік оқиғалары, өрт, улану және көпқабатты үйлердегі құлау кезінде алғашқы көмек көрсетілді.

Ұлттық шұғыл медицина орталығының санитариялық авиациясы күштерімен Семей-Үржар бағыты бойынша құрамында реаниматолог пен фельдшер, ал Шымкенттен Шардараға құрамында комбустиолог пен реаниматолог бар 2 ұшу іске асырылды. Барлық науқасқа облыстық стационарларда білікті медициналық көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама