×

Астанада қар күреуге 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі

 Динара Амантай 09.03.2024 | 17:20
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада қар тазалау жұмысына күндізгі уақытта 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бүгін қала бойынша 2,2 мыңнан аса жол жұмысшысы мен 1,1 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылған.

Өткен түнде 1,2 мыңнан аса рейс арқылы қаладан полигондарға 17,4 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 445,3 мың рейспен 6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Астанада қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі жүретін жолдарда, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Астанада бүгін күндіз жауын-шашын, ал түнде және таңертең тұман болады деген болжам жасалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама