Алматы облысында жеңіл көлік ағашқа соғылды
ТЖМ құтқарушылары жолаушының денесін алып шықты
ТЖМ құтқарушылары жолаушының денесін жеңіл көліктен алып шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 9:20-да Қарасай ауданының Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы болып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар келіп түскен. Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты. Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.
ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады.