×

«Мұрынбоқ болып келген»: мектеп директоры мұғалімдеріне жекіді (ВИДЕО)

Бұл видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2022 | 17:33
фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Кадрда аудандық мектеп директоры мұғалімдерді сынап-сыбап, олардың мектепке қалай келгендерін еске салып тұр.

Ешкім майталман мұғалім, майталман завуч болған жоқ. Бұлар да мұрынбоқ болып келген. Енді мастер спорта болып отыр ма?.. Үйренеді, қояды. Істемесе, кетеді орнынан, - деп жекіді басшы.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірген.

«Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлердің іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады», - делінген хабарламада.

Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.

«Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама