×

Қарағанды облысында мастықпен қамауға алынған әкім жұмыссыз қалды

Бұл оның алғаш рет заң бұзуы емес еді

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2024 | 15:46
фото: ptzgovorit.ru

Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас болып жүріп көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін қызметінен босатылды.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мұндай шешімді Бұқар жырау ауданының әкімдігі қабылдады.

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде 7 наурызда Бұқар жырау ауданының әкімдігі Ғабиден Мұстафин ауылының әкімін мемлекеттік қызметтен босату туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі әкімнің қызметтік тергеу барысында қызметтік этика нормаларының бұзылғанын мойындағанын да хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауыл әкімі 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылған еді. 2024 жылғы 3 ақпанға қараған түні жол полициясының қызметкерлері оны қызметтік көлігімен жүргенде ұстаған. Әкім мас болған.

Бұл бұрынғы әкімнің алғаш рет заң бұзуы емес екені белгілі болды. Ол бірнеше жыл бұрын қызметтік көлікті мас халде айдағаны үшін ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама