×

Алматы облысында колония басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2024 | 13:00
фото: Halyq Uni

Алматы облысында жемқорлықпен айналысу күдігімен колония бастығы ұсталды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері Алматы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) №57 мекемесінің басшысы А. есімді азаматтың кеше, 7 наурызда ұсталғанын мәлімдеді. Ол пара алды деген күдікке ілінген.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, – делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама