×

Қазақстандық әйелдер қай салада көбірек жұмыс істейді

940 мыңы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

 Еркеғали Болатұлы 07.03.2024 | 17:38
фото: Halyq Uni

Бүгінде еліміздегі еңбек нарығының 50%-ға жуығында әйелдер қызмет етеді.

Статистика бойынша, Қазақстанда 4 370 715 әйел түрлі салада жұмыс істейді.

Бұл – жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 48,3%-ы. 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің:

  • 20%-ы білім беру саласында;
  • 19,6%-ы көтерме және бөлшек саудада;
  • 9,7%-ы ауыл шаруашылығында;
  • 9,6%-ы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында;
  • 7,8%-ы өнеркәсіпте;
  • 1,6%-ы ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама