Halyq Uni логотип
×

Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады

Бүгінде 4 көлік айыппұл тұрағына қойылды

 Дәурен Ерболат 07.03.2024 | 17:00
Алимент төлемей жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады
Фото: Әділет министрлігі

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік шарасын жүргізген.

Осылайша, 857 мың 160 теңге, 1 млн 518 мың 626 теңге, 2 млн 483 мың 773 теңге, 2 млн 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады, - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Алдағы уақытта борышкерлердің мүлкін өндіріп алу жұмысы жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама