Halyq Uni логотип
×

СҚО-да маскүнем ішімдіктің орнына есірткіні тұтынбақ болған

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

 Дәурен Ерболат 07.03.2024 | 16:16
СҚО-да маскүнем ішімдіктің орнына есірткіні тұтынбақ болған
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында полиция 55 жастағы ер адамнан есірткі тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Аққайың ауданында 55 жастағы тұрғынның үйінен 2 қап кептірілген марихуана табылды. Оның жалпы салмағы – 8 келі 910 грамм. Ер адам маскүнем ретінде есепте тұр.

Күдіктінің айтуынша, ол ішімдіктің орнына марихуананы пайдалану үшін оны ірі мөлшерде сақтаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотропты заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріледі. Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 59 заң бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 15 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленді, - деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Сапаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама