Ақтөбелік 68 жастағы ана баласынан алимент өндіріп алды

Динара Амантай

Сотта тараптар дауды бітіммен аяқтауға шешім қабылдады

Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында 68 жастағы зейнеткер өзінің ересек ұлынан алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талап қоюшы зейнет жасында болуына, денсаулығының нашарлауына байланысты күрделі ота жасатуға мүмкіндігі болмағандықтан, баласынан алимент өндіруді сұрады.

ҚР Неке және отбасы туралы кодексі 145-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

Сотта өткізілген татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды бітіммен аяқтауға шешім қабылдады.

Тараптармен қол қойылған бітімгершілік келісімге сәйкес, жауапкер өзінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз анасына ай сайын 41 АЕК, яғни 151 мың 372 теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді, – делінген сот хабарламасында.

Соттың ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.