Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында 420 гектардан астам орман оталудан сақталды

Өңірдегі орман ағашына балта тимейді

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2024 | 15:25
Ақмола облысында 420 гектардан астам орман оталудан сақталды
Фото: el.kz

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды асыра отап жатқанын анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Осыған байланысты Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Актісіге сәйкес, 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астам орманын отамау керек деген шешім шығарылды. Орманды асыра отаған мекемелердің қызметін дұрыс қадаламаған Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің жауапты басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

 Осылайша, прокуратура жедел шара қолданып, 420 гектардан астам орман оталудан сақталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама