Өртті сөндіруге 28 адам жұмылдырылды
Қарағандыда пәтер өртінің салдарынан 6 адам газдан уланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:33-те Сатыбалдина көшесінде пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтерде 15 шаршы метр жерде тұрмыстық заттар мен жиһаздың жануы салдарынан өрт шықты. Сағат 13:09-да өрт сөндірілді.
Төтенше жағдайлар департаментінің күштері құтқару қалпағын пайдаланып, 9 адамды құтқарды. Жедел жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығы өрт орнынан алдын ала болжам бойынша көмірқышқыл газымен уланған 6 адамды (оның ішінде 2 бала) алып кетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы, 6 апаттық-құтқару техникасы және «АМО» ФММ-нан 4 адам, 1 техника жұмылдырылды.