Оқиғаның себептері анықталып жатыр
«Ақтөбе-Астрахань» автожолында екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Тергеу аясында жол-көлік апатының себептерін және онда қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар іске асырылады.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.