×

Ақтөбе облысында 8 адам жол апатынан қаза тапты

Оқиғаның себептері анықталып жатыр

 Динара Амантай 06.03.2024 | 14:05
Фото: t.me/kaztag_tg

«Ақтөбе-Астрахань» автожолында екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеу аясында жол-көлік апатының себептерін және онда қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар іске асырылады.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама