Шымкентте терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды
Олардың біреуі шетелге шығып, радикалды діни идеологияны қабылдаған
6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұсталғандар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді.
Тергеу материалдары бойынша бұған дейін күдіктілердің біреуі алыс шет елдерге шығып, сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.