×

Жаңаөзендік жұмыссыздарға аштық өтіп кете жаздаған

Олар бірнеше рет ұсынылған 250 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар жұмыстан бас тартып отыр

 Еркеғали Болатұлы 06.03.2024 | 12:27
фото: klike.net

5 наурызда жаңаөзендік жұмыссыздардың арасынан 23 адам мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп, қала әкімдігінің алдында аштық жариялады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олар жұмысқа кезексіз орналастыруды талап етіп отыр. Бұған дейін оларға мұнай-газ секторындағы жұмыспен қамту алгоритімін сақтай отырып, 250 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар жұмыс орындары бірнеше рет ұсынылған. Уәкілетті тұлғалар олардың жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай-газ секторына тікелей жұмысқа орналасу туралы талабының басқа үміткерлерге әділетсіздік болатынын түсіндірді.

Бұл уәжбен келіспеген 23 адам 5 наурызда сағат 17:55-те аштық жариялаған. Араға 1,5 сағат салып, олар өздерін нашар сезінгендерін айтып, 19:13-те жедел жәрдем шақырған.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасы бастығының Жаңаөзен қаласындағы орынбасары Әлішер Көмековтің айтуынша, бірінші жедел жәрдем сол мезетте, екіншісі 19:41-де жөнелтілді.

Сараптама қорытындысы бойынша, 19 адамның жағдайы қанағаттанарлық және сау деп бағаланды. Төртеуі сараптамадан бас тартты. Ауруханаға жатқызу белгілері болған жоқ.

Мұнай-газ саласына кезексіз жұмысқа орналасу үшін аштық жариялағандар полиция басқармасына жеткізіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарынан кейін заңсыз әрекеттері тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама