Астанадағы автосалондарда көлік азайып кетті
Алайда, қолма-қол ақшаға 15 млн теңгеден жоғары бағаға машина алуға болады

Астанадағы автосалондарда кейбір автокөліктің түрлері азайып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Hyundai Astana орталығының менеджерлерінің хабарлауынша, қолда бар көліктердің барлығы сатылып кеткен. Жаңа машина алғысы келетін адам 2 ай немесе одан да көп уақыт күтетін болады. Оның өзінде көлік автосалонға 3-6 ай аралығында жеткізіледі.
Қазір орталықта жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша 8 мың адам кезекте тұр. Көліктердің орташа бағасы моделі мен жабдықталуына қарай 7 млн-нан 17 млн теңге дейін жетеді.
KIA ресми дилерінің орталықтарында жаңа көліктер көп. Алайда, қолма-қол ақшаға 15 млн теңгеден жоғары бағаға машина алуға болады. 15 млн теңгеге дейінгі көліктер пайызы төмен несие беру бағдарламасы арқылы сатылып жатыр. Жаңа көлік алуға кезекте 7 мыңға жуық адам тұр.
«Chevrolet көліктерін сататын салондарда да кейбір модельдер болмай жатыр. Бұл жерде де тапсырысты күту мерзімі 3-4 айға дейін барады. Осы орталықтарда автокөлікті жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы аясында алуға болады. Ол үшін көліктің бағасы 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал несие сомасы 10 млн теңгеден жоғары болмайды.
Toyota-ның дилер орталықтарында сатылуға қойылған көліктер бар. Дегенмен, алдағы кезде Camry жеңіл көлігі мен RAV4 кроссоверінің тапшылығы байқалуы мүмкін. Себебі, осы модельдер Қазақстанға Ресейден тасымалданады. Ал Ресейдегі зауытта көлік құрастыру уақытша тоқтап қалған. Ресейлік БАҚ-тың хабаралуынша, зауыт уақытша тоқтаған», - делінген Chevrolet және Toyota орталықтары жіберген материалда.