×

Елордада 1 мыңнан аса баланың спортпен шұғылдануына кедергі келтірілген

Прокуратура инвесторға жер телімін алуға көмектесті

 Динара Амантай 06.03.2024 | 11:32
Фото: Астана қ. прокуратурасының баспасөз қызметі

Елордада BM Sport ЖШС жарты жыл бойы манежі бар футбол алаңдарын орналастыру жобасын іске асыру үшін 2 жер учаскесін бөлуге қол жеткізе алмаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Инвестордың уақытша өтеулі жер пайдаланғаны үшін 5 млн теңге төлегеніне қарамастан, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келген. Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін инвесторға жер учаскесі берілді.

Прокуратура қабылдаған шаралар жобаны іске асыруды жалғастыруға ықпал етті. Бұл 1 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерге спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама