Halyq Uni логотип
×

Есіл қаласында полиция сержанты көліктен өлі табылды

Оның жанында тағы бір адам болған

 Еркеғали Болатұлы 06.03.2024 | 09:56
Есіл қаласында полиция сержанты көліктен өлі табылды
фото: Halyq Uni

Ақмола облысында көліктің ішінен 2 адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі – полицей, деп хабарлады sinegor.kz.

5 наурызда Есіл қалалық полиция басқармасына бір адам хабарласып, көлік жуу орнының жанында тұрған көліктен 2 адамның мәйітін тапқанын айтқан. Оқиға орнына барған мамандар Audi A6 маркалы көліктен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесін шығарды.

Қайтыс болғандардың аты-жөні анықталды. Біреуі – полиция сержанты. Ол Есіл аудандық полиция бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген. Екіншісі – жергілікті тұрғын.

Ер адамдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала мәліметке сәйкес, екеуі де алкоголь ішпеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама