Өкінішке қарай, тұрғындардың жартысы жол ақысын төлемейді
5 наурызда түстен кейін Атырау қаласындағы №22 автобуста ер адам жолақысын төлеуді талап еткен жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Бұл туралы AtyrauPress хабарлады.
Абырой болғанда, көлік тоқтап тұрғандықтан қайғылы жағдайға жол берілген жоқ.
«СмартАтырау» КММ директоры Арслан Ароновтың айтуынша, оқиға салдарынан ер адам бетінен жарақат алған.
Жүргізушінің беті, иегі, бір көзі іскен. Бұзақы қашып кеткенмен, полиция оны қолға түсірді. Шабуылдың себебі қарапайым, жүргізуші одан жолақысын төлеуді талап еткен, соған ол ренжіп қалыпты.
Өкінішке қарай, бізде тұрғындардың жартысы жол ақысын төлемейді. Сонымен қатар ол валидаторды бұзды. Енді қалпына келтіруі керек», – деді Арслан Аронов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда да ер адам автобус рөліндегі әйелді аяусыз ұрып-соққан болатын.