Іс қысқартылған тәртіппен қаралды
Алматыда басқарма басшысының орынбасары жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласының прокуратурасы жеке тұлғаның жолданымын қарауды әуре-сарсаңға салу фактісі бойынша ұсыныс енгізді. Бұл ретте Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қадағалау актісіне уақтылы жауап бермеген.
Осыған байланысты қала прокуратурасы осы басқарма басшысының орынбасарын ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартты. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды, – делінген прокуратура хабарламасында.