Halyq Uni логотип
×

Жетісайда маскүнем әке балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлеген

Әйелі мен 5 баласы ұдайы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2024 | 17:10
Жетісайда маскүнем әке балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлеген
фото: Halyq Uni

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны арнайы уәкілге балаға зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқанын айтып шағымданған.

Бес баланың анасы өзі де, балалары да ұдайы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын жеткізген. Айтуынша, күйеуі оларға банк картасын пайдалануға рұқсат бермеген. Ол бүкіл ақшаны ішімдікке жұмсап, балаларды ұрлық жасауға мәжбүрлеген.

Кездесудің қорытындысы бойынша уәкіл өкілі аудан және ауыл әкімдіктері, полиция, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ құқықбұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау үшін құзыретті органдарға ұсыныс жіберілді, - делінген облыстық адам құқығы жөніндегі уәкіл таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама