×

Астанада жалға берілетін пәтер кімдерге бұйырды - толық тізім шықты

76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2024 | 11:30
фото: ask-yug.com

Елордалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтында көпбалалы отбасылар, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына жалға берілетін баспана бағдарламасының нәтижесі жарияланды.

Үш санаттың әрқайсысындағы тізімдер «өткен» және «өтпеген» болып екіге бөлінеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтарға тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі қарайғы іс-қимылды түсіндіреді.

Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты тұрғындардан өте сақ болуды өтінеміз, - деп хабарлады әкімдік.

Өйткені тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон шала отырып, ешқашан несие, қарыз өтеуді, үй беру үшін бұғатты алып тастауды сұрамайды.

Тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама