×

Жер сілкінісі: Алматыда 156 нысанның бүлінгені туралы хабарлама түсті

Халықты қабылдау пункттеріне 102 адам жүгінген

 Еркеғали Болатұлы 05.03.2024 | 09:45
фото: elements.envato.com

4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін Алматыда әлеуметтік нысан мен көппәтерлі тұрғын үйлердің бүлінуіне қатысты 156 өтініш түскен.

Сондай-ақ халықты қабылдау пункттеріне 102 адам жүгінген, оның 43-і – бала.

Қазір тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Алматыдағы барлық халықты қабылдау пункттерін Яндекс карталарында сілтеме бойынша немесе іздеу жолағына «Алматыда халықты қабылдау пункттері» деп теру арқылы табуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама