×

«Қазавтожол» ҰК» АҚ жүргізушілерге ескерту жасады

Автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар

 Динара Амантай 05.03.2024 | 09:15
Фото: видеодан скриншот

«Қазавтожол» ҰК» АҚ жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар.

Павлодар облысында көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астанада екпіні 18-20 м/с жел соғады деп болжанады.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама