×

Қызылорда облысында қылмыстық топ түйелерді атып алған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 04.03.2024 | 17:50
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді. Осы жылдың ақпанында аудандық полиция бөліміне малдары ұрланған Әйтеке би кентінің тұрғындарынан арыз түсен. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, ұрыларды анықтады.

Тексеру барысында олардың 9 түйені далада жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. Қылмыстық топтың 24-30 жастағы мүшелері ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер, пышақтар, мал терісі алынды. Қазір күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полицейлер күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама