Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
Тиісті сараптамалар тағайындалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Абай облысында 5 жыл іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшесін ұстады. 2019 жылы жанжал кезінде Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны атыс қаруынан атып өлтірілген болатын. Сол уақытта қылмыстық топтың бір мүшесі сот төрелігінен қашып кеткен. Ол 5 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрді.
Биыл 27 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыскерді Үржар ауданындағы облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.
Сонымен қатар одан патрондары бар ТТ тапаншасы тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген полиция хабарламасында.