×

Семейде көпірден секірмек болған бозбала құтқарылды (ВИДЕО)

Полицейлер оқиға орнына 3 минут ішінде жетті

 Еркеғали Болатұлы 03.03.2024 | 14:55
фото: Halyq Uni

Бүгін Семейде 112 шұғыл байланыс желісіне көпірден секірмек болған 17 жастағы жасөспірімнен қоңырау түскен. Бұл оқиға қаланың барлық шұғыл қызметі: полицейлерді, азаматтық қорғаныс және жедел жәрдем қызметкерлерін біріктірді.

Құтқару қызметінің операторы баламен келіссөздер жүргізіп жатқанда, аталған жерге патрульдік полиция батальонының экипаж қызметкерлері Дамир Ахметқалиев пен Райымбек Есенғалиев келді. Полицейлер оқиға орнына 3 минут ішінде жетті, - деп хабарлады ведомство.

Полицейлердің бірі – Райымбек Есенғалиев ақырын жақындап келіп, көпірден төменге қарап жылап тұрған баланың қолынан шап беріп ұстап алған.

Осы уақытта оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері де жетті.

Қазір баламен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама