Министрлік мұржаны уақытылы тазартып тұруды ұсынды
Семей маңындағы Строительный ауылында екі адам уланып, ауруханаға түсті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдай 3 наурыз сағат 6:10 кезінде болған.
Ауылдағы жеке тұрғын үйде көмір жағып отырған пештің мұржасында ақау шыққан. Салдарынан екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Уланудың алдын ала себебі – пешті пайдалану ережелерін бұзу.
Осы жағдайға Абай облысы төтенше жағдай департаменті жеке құрамынан 1 адам және 1 техника жұмылдырылды.
Соған байланысты министрлік мұржаны уақытылы тазартып, желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеруді ұсынды.