Астанада құмар ойындарды ұйымдастырушылар сотталды

Динара Амантай

Кінәлі тұлғалар мемлекет кірісіне 21,1 млн теңге өтеді

Фото: depositphotos

Сот үкімімен ұйымдастырушылар мен олардың көмекшілері елордада құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін заңсыз алынған табыстары өндіріп алынып, сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталғандар елордалық бильярд клубтарының бірінің ВИП-бөлмесін пайдаланып, покер ойындарын заңсыз ұйымдастырып, өткізген. Аталған бильярд клубының иесі бұған дейін құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін сотталған болатын.

Мемлекеттік айыптаушы сотталғандардың кінәсін толық дәлелдеді және кінәлі тұлғалар мемлекет кірісіне 21,1 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған ақшалай қаражатты өтеді.

Үкім заңды күшіне енді.