5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған
Полиция қызметкері өз өмірін қатерге тіге отырып бүкіл отбасын өрт құрсауынан құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеше таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан. Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған. Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен.
Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.