Halyq Uni логотип
×

Келесте қыз жасауын тігетін цех ашылды

Кәсіпкер Ұлбосын Рүстемованың тігін шеберханасында әзірше 10 адам жұмыс істейді

 Дастан Жұмабекұлы 01.03.2024 | 17:10
Келесте қыз жасауын тігетін цех ашылды
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында «Домалақ ана» атты тігін шеберханасы мен дүкені ашылды.

Шеберхана мен дүкеннің ашылу салтанатына қатысқан Абай ауылы әкімінің орынбасары Мұхамеджан Өтеновтің айтуынша, Келес ауданында кәсіпкерлік саласы – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі драйверлерінің бірі.

Бүгін ашылған  тігін цехы мен дүкені өңірдегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп сенемін. Бастаманы қолға алған Ұлбосын Қаржауқызына алғысымызды білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз, – деді әкімнің орынбасары.

Бүгінде Ұлбосын Рүстемованың бастамасымен ашылған тігін шеберханасында жалпы 10 адам тігін тігеді. Оның ішінде 4 азамат «Күміс жас» бағдарламасы аясында субсидияланып отыр. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы нашар отбасы өкілдері де бар.

Тігінді тіршілік көзіне айналдырған жұмысшылар ұлттық нақыштағы қыз жасауын, құрақ көрпе, оқушылардың ұлттық нақыштағы бірегей формасы мен сәнді дизайндағы перделер тігеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама