×

Қазақстанда Наурыз, Көктем есімді қанша адам тұрады

Ал Қымыз деген есіммен 1 адам тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 01.03.2024 | 13:55
фото: zakon.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда Наурыз есімді 1 472 адам бар. Наурызбай – 2 940 адам, Наурызбек – 3 206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызгали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызгүл – 113 адам, Наурызгуль – 61 адам.

Ал Көктем есімді 25, Коктем есімді 18 адам тіркелген.

Қазақстанда Кумыс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен 1 ғана адам тіркелген. Сондай-ақ Курт есімді 5 адам тұрады.

Наурыз – түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мерекесі. Ол көктемгі күн мен түннің теңелу күндерінде тойланады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша, мереке алдында адамдар өз үйлерін, айналасын тазартып, қарыздарын өтеуі керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама