Halyq Uni логотип
×

Қуандық Бишімбаев ісі: алдын ала сот тыңдауы 11 наурызда өтеді

Оған қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа тартылған

 Айгерім Таубай 01.03.2024 | 12:34
Қуандық Бишімбаев ісі: алдын ала сот тыңдауы 11 наурызда өтеді
Фото: Sputnik.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 11 наурызда өтеді. Бұл туралы Сот кабинетіндегі ақпаратта көрсетілген.

Қылмыстық іс Астана қаласы сотында қаралады. Сотталушылардың қатарында Қуандық Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.

Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама