×

Шымкенттің Абай ауданында 1 500-ге жуық үй заңсыз салынған

Бұл – тек сотта заң аясында шешілетін мәселе, - деді әкім

 Дастан Жұмабекұлы 29.02.2024 | 16:35
Фото: ontustiktv.kz

Түркістан облысындағы Абай ауданында 1 500-ге жуық үйдің заңсыз салынғаны анықталды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, тұрғындар жер үйлерді ешқандай құжат пен келісімсіз, өздері тұрғызып алған. Бір атап өтерлігі, 1 500 үйдің 400-ден астамы адамдар өмір сүруге жарамсыз. Қазір бұл жер учаскелері әкімдік бақылауына алынған. Аудан әкімі олардың мәселесі алдағы уақытта заң шеңберінде шешілетінін айтады.

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың айтуынша, заңсыз салынған үйлердің мәселесі заң аясында шешілуі керек. Өйткені қалада заңсыз салынып жатқан үйлер үлкен проблемаға айналуы мүмкін.

Бұл – тек сотта, заң аясында шешілетін мәселе. Қазір бізде 2024 жылға өзекті мәселе емес. Бірақ соңғы 4-5 жылда көп болып жатыр. Бұл мәселені алдағы уақытта сот арқылы, заңмен шешеміз, – деді әкім.

Оның айтуынша, сотта үйлерді заңдастыру мәселесі де қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама