×

Ақмола облысында шетелде демалып келген шенеунік ұсталды

Ол жергілікті кәсіпкермен 1,2 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 28.02.2024 | 17:17
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында Целиноград ауданында бұрын жергілікті атқарушы органының басшысы болған азамат лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлады облыстың прокуратурасы.

Целиноград ауданының прокуратурасы бұрынғы лауазым иесінің жергілікті кәсіпкермен ауыз жаласып, Қоянды ауылының көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге және оны қайта салуға бөлінген 1,2 млрд теңгені жымқырғанын анықтап, істі сотқа дейінгі тергеуге жіберді.  

Іс қозғалған кезде Целиноград ауданы жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып келгеннен кейін бірден қамауға алынды. 1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Осыдан кейін күдіктінің қылмыстық ісі толық дәлелденіп, ол Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды, – делінген хабарламада.

Үкім әзір заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама