Halyq Uni логотип
×

Павлодарда арнайы операция нәтижесінде өңірлік қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілердің барлығы 167 бас мал ұрлағаны анықталды

 Динара Амантай 30.05.2022 | 10:10
Павлодарда арнайы операция нәтижесінде өңірлік қылмыстық топ ұсталды
Коллаж: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы ПД-мен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде Семей қаласында ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде бес адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш топтың бұған қоса Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Олар барлығы 167 бас мал ұрлады.

Тінту кезінде күдіктілерден тағы 67 ұрланған жылқы, автокөлік және екі мотоцикл табылды. Топ қатысушылары арасында нақты рөлдерді бөлуді қарастырғаны анықталды. Сонымен бірге ұрланған мал алдын ала союға дайындалған жерге айдалып, етті таныс қасапшыларға сатып отырған.

Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қосымша қылмыстық істер қозғалды, яғни мүлкін тәркілей отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық ету және оған қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қаралды, – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ПД-ның мәліметінше, соңғы жылдары мал ұрлаудың жолын кесу бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылған. Соның ішінде мамандандырылған жедел-іздестіру топтары құрылды. Қылмыстық кодекске мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін «Мал ұрлығы» жеке бабы енгізілді. Бірнеше рет жасағаны үшін, сондай-ақ үй-жайларға (сарай, қора және т.б.) кіріп, ұрлық жасағаны үшін жаза қатаңдатылды. Бұл белгілерді ауыр қылмыстар санатына ауыстыру күдіктілер мен тараптардың татуласуына байланысты жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігін болдырмайды.

Бұл шаралар соңғы бес жыл ішінде мал ұрлығының 35% төмендеуіне ықпал етті, оның ішінде ұрланған жануарлардың саны екі есе азайды. Осы жылы мал ұрлығының саны 26,9%-ға төмендеп, олардың ашылуы 6,7% (61,1%) жақсарды, ұрланған 2 618 мал басының 1634-і немесе 62,4%-ы табылып иелеріне қайтарылды.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама