Шымкенттегі жанжалда жас жігіт қарсыласына оқ атқан (ВИДЕО)
Атыс Жібек жолы көшесіндегі монша маңында болған
27 ақпанда сағат 22:00 шамасында Шымкент көшелерінің бірінде атыс болды. Соның салдарынан 1 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Атыс Жібек жолы көшесіндегі монша маңында болған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем жетті. Ол жерден травматикалық тапаншаның гильзалары табылды.
Куәгерлердің айтуынша, жанжалдан кейін жас жігіт қарсыласына оқ атып, ол ауруханаға түскен. Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтады.
Осы факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.