×

Қарағандыда нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды

Қазір оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр

 Динара Амантай 28.02.2024 | 12:12
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда полицияның тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама