×

Шымкентте «өрт сөндіруші» хостел иесінің ақшасын жымқырған

Қазір қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды

 Динара Амантай 28.02.2024 | 10:18
Фото: polisia.kz

Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-ның киберполицейлері ұстады. Ұсталған азамат – Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны. Тергеу барысында алаяқтың бұған дейін осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алғаны анықталды. Кейін оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырған.

Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын айтқан. Хостел иесі бірден қажет қаражатты айтылған шотқа аударған. Уақыт өте алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға осы жайт туралы хабарлаған.

Қазір қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама