×

Астана тұрғыны жол бойында көше тазалаушыға қол көтерді (ВИДЕО)

Желі қолданушылар ер адамның әрекетіне ашулы

 Еркеғали Болатұлы 28.02.2024 | 09:50
фото: видеодан скриншот

Желіде ер адамның жол бойындағы жұмысшыға жасаған шабуылы бейнеленген видео тарады. Instagram парақшасының авторы бұл оқиға Астанадағы Кенен Әзірбаев көшесінде болғанын жазған.

Кадрда көліктің шетінде тұрған ер адамның жұмысшыға бірдеңе айтып жатқанын көруге болады. Ол қашуға тырысқанмен, еңгезердей ер адам оны көшенің арғы бетіне дейін қуып барып, ұстап алған. Жұмысшыны жұлқылап тізерлетіп, қолын сермелеп әлденені ескертіп тұр.

Пост авторы жанжалға не себеп болғанын айтпады, бірақ желі қолданушылар ер адамның әрекетіне ашулы. Күш қолданған адамның жұмысшыдан дәл солай тізерлеп кешірім сұрауын талап етіп жатыр.

Оқиғаға қатысты Астана қаласының ПД баспасөз қызметі түсінік берді. Бірақ олар да жанжалға не себеп болғанын айтпады.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында жүргізуші мен жұмысшы арасында жанжал болғанын көрдік. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады. Жұмысшы ешқандай шара қолданбауды өтінді. Олармен сөйлесіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама