Ақмола облысының әкімі тұрғындармен кездескен
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астана қаласының іргесіндегі Жібек жолы ауылын су басу қаупі барын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өңір басшысы осыдан екі апта бұрын ауыл тұрғындарымен кездескен.
Себебі, ауыл су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ саналады. Кездесуге Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен екі ведомство өкілі қатысты. Қала әкімі су тапшылығы бар жердегі қоймаларға су көп жиналса деді. Алайда бұл қауіпті. Себебі, жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Осыған байланысты мәселені жан-жақты зерттеп жатырмыз, - деді Марат Ахметжанов Үкіметтің баспасөз орталығында.
Бұған дейін ТЖМ 10 өңірге су тасқыны қаупі төніп тұрғанын хабарланды.