×

Түркістан облысында бүтін бір отбасы ажалдан аман қалды

Полиция қызметкерлері қолға түскен құралды алып, өрт сөндірушілермен бірге іске кіріскен

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2024 | 15:40
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция жасағы өртті дер кезінде сөндіріп, бүтін бір отбасын құтқарып қалды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қырағылық танытып, Сайрам ауданындағы үйдің ауласынан шыққан өртті дер кезінде сөндірген. Полицейлер таңертең сағат 10:00 шамасында тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан шыққан түтінді байқаған. Содан дереу өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына өздері де барды. Сол жерде қораның шатырындағы шөптің өртеніп жатқанын көріп, өздері дереу тілсіз жауды сөндіруге кіріскен.

Сөйтіп, 4 полиция қызметкері қолға түскен құралды алып, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірге өртті тез арада сөндірген. Осылайша, ауыл тұрғынының үйі өрттен аман қалды. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. Үй иесі полицейлерге алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама