Алматыда автобус өртенді
Өрттің себебі анықталып жатыр
Алматылық құтқарушылар автобусты шарпыған өртті жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін сағат 11:45-те Алатау ауданының құтқарушылары Қарасу шағын ауданында автобустың жанып жатқаны туралы хабарламаға шықты. Құтқарушылар оқиға орнына сағат 11:53-те жеткен. Автобус салонында жолаушылар болған жоқ.
Өрт 10 шаршы метр аумақта 12:00-де сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 10 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.