«Қызым өскенде айтып беремін». Пойызда босанған Кенжегүл жолсеріктерге алғыс айтты
Жолаушылар пойызында босанған келіншек сәбидің жағдайын айтты
Аққыстау мен Атырау аралығында - «Астрахань-Атырау» қатынасындағы №626 жолаушылар пойызының қызметкерлері толғағы басталған жолаушыға көмек көрсетті.
Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Құрам Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін Кенжегүлде таңғы сағат 5-те толғақ басталды. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртқан.
Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер - Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті.
Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған.
«Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Сәуле Ілиясова.
Атырау стансасына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды.
Кенжегүл Қайырболатова көмек көмек көрсеткендердің барлығына алғыс білдірді:
«Мен бірінші кезекте бала үшін алаңдадым. Пойыздың барлық қызметкеріне осындай төтенше жағдайда маған көмектескені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қызым өскенде айтып беремін»